Ж. Ахметбеков: Үкіметтің әрекетсіздігі нәтижесінде монополистер халық есебінен пайда тауып отыр

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Үкіметтің әрекетсіздігі нәтижесінде монополистер халық есебінен пайда тауып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
None
None

«Біздің партиямыз тарапынан соңғы кездері тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы, бағаның тоқтаусыз өсіп отырғандығы секілді мәселелер ұдайы көтеріліп келеді. Шындығында бұл өте күрделі мәселе. Жүргізілген тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласындағы реформалар тұрғындардың мүдделерін ескермей жасалды. Нәтижесінде монополист компаниялардың «тәбетіне» Үкімет тарапынан тыйым болмауы халықтың орынды наразалығын тудырып отыр», - дейді «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі, депутат Жамбыл Ахметбеков.

Бұл ретте депутат аталмыш сынның жалаң айыптау емес, нақты деректер мен фактілерге негізделген шынайы ақпарат екенін алға тартады. Сонымен қатар, фракция мүшесі бүгінде коммуналдық төлемдер зейнеткерлер мен мүгедектердің, көп балалы отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері табысының айтарлықтай бөлігін құрап отырғанын айтып, ал бұған қарсы атқарушы билік еш қайрат көрсетпей отырғанын сынға алды.

«Үкіметтің әрекетсіздігі монополистердің халықтың есебінен пайда табуына жол беріп отыр. Табиғи монополистер туралы заңның нормаларына сәйкес тұтынушылардың есептегіш құралдары болуы тиіс. Бұл монополист компания есебінен орнатылуы тиіс. Алайда олар есептегіш құралдарды орнатудың орнына сараланған тарифтер арқылы 200-300 есе пайызбен пайда тауып отыр. Жылу, су, газбен қамтамасыз ету мәселелерінде де монополистердің әрекетін әшкерелейтін нақты дәлелдер баршылық. Біз осыларға байланысты Үкіметке депутаттық салуал жолдағанбыз», - деді Ж. Ахметбеков.

Соңғы жаңалықтар