Ж. Кәрібжанов бастаған қазақстандық Мәжіліс депутаттары Францияда сапармен болады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 2-сі мен 7-сі аралығында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан-Франция» парламенттік достық тобының төрағасы Жәнібек Кәрібжанов бастаған қазақстандық делегация Францияда жұмыс сапарымен болады.
None
None
Бұл туралы бүгін елордадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Е. Ашықбаевтың айтуынша, қазақстандық депутаттар Францияға «Қазақстан-Франция» парламенттік ынтымақтастық тобының төрағасы Тьерри Марианидің шақыртуы бойынша барады. Сапар барысында, Қазақстанның парламенттік делегациясы Франция Президенті Николя Саркозидің қолдау көрсетуімен ұйымдастырылатын «Қазақстан ? Еуропаның стратегиялық серіктесі» атты форумға қатысатын болады. «Парламенттік делегация Франция Ұлттық Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марк Лафинермен, Халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Аксел Понятовскимен, «Қазақстан-Франция» парламенттік тобының мүшелерімен, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен, Тулуздағы «Астриум» және «Эйрбас» зауытының жетекшілерімен кездесуді жоспарлап отыр», делінген министрліктің таратқан баспасөз баянында.
Соңғы жаңалықтар