Ж. Сүйіншәлиев БҚО құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 25 қаңтар күні жаңа басшыны басқарма ұжымына облыс әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов таныстырды.
Ж.А.Сүйіншәлиев 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін (өнеркәсіп және азаматтық құрылыс инженері) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Орал қаласындағы «Уральскстройинвест» ЖШС-нің прорабы болып бастаған.
2004-2005 жылдары Орал қаласының инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің бас маманы;
2005-2007 жылдары Орал қаласының инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің меңгерушісі;
2007-2008 жылдары Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының орынбасары, «Dizain-DA» ЖШС-нің техникалық директоры;
2008-2010 жылдары «Надир» ЖШС-нің Орал қаласындағы өкілдігінің басшысы;
2010-2011 жылдары Орал қаласы құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық сектор меңгерушісі міндетін атқарушы, сектор меңгерушісі;
2011-2012 жылдары Астана қаласы мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;
2012-2013 жылдары Астана қаласы ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті техникалық реттеу басқармасының сарапшысы, сәулет, жобалық жұмыстар және мемлекеттік қала құрылысы кадастры басқармасының бас сарапшысы болды.