Жаһандану үдерісіне біз ғаламдық мәдени әралуандық күн тәртібін енгізуіміз керек - Испания Сыртқы істер министрі

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Жаһандану үдерісіне біз ғаламдық мәдени әралуандық күн тәртібін енгізуіміз керек. Бұл туралы бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі аясында өтіп жатқан секциялық отырыстың барысында Испания Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос мәлім етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Жаһандану үдерісіне біз сонымен қатар, ғаламдық мәдени әралуандық күн тәртібін енгізуіміз керек және бұл ұлттар мен халықтар арасындағы жақсы түсіністіктің негізі болмақ. Осы себептен біз БҰҰ аясында бірлесіп жұмыс істеудеміз», - деді министр.

 Ол Испания мен Түркияның қолдауымен БҰҰ тарапынан   ұйымдастырылған Өркениеттер альянсы  Қазақстанның бейбітшілік пен келісімді нығайтуға арналған бастамасын қолдайтынын айтып өтті.

«Диалог - жаһандық әлемде бір-бірін түсінуге қадам жасайтын қажетті жағдай болып табылады. Осы орайда біз диалог арқылы қазіргі проблемаларды шешіп, адамдардың көзқарасын өзгерте аламыз. Бізге мәдени өзгерістердің жаһандық тұжырымдамасы қажет»,- деді Мигель Анхель Моратинос.

Соңғы жаңалықтар