Жаһандық жылыну тұрақты сипатқа ие болып отыр

ЛОНДОН – ВАШИНГТОН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат – Американдық ғалымдар жаһандық климаттық өзгерістердің көптеген салдары тұрақты сипатқа ие болды деген пікірге келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.Ғалымдар зерттеулер жүргізуге арналған тапсырысты АҚШ энергетика министрлігінен алды. Олар жылыну үдерісі қаншалықты дәрежеде деген сұраққа жауап алуға ниет танытқан болатын.Нәтижесі адам айтса сенгісіз болды. Ғалымдар парниктік әсерді құрайтын көмір қышқылды газының тасталуын қалай болғанда да тоқтатуға қол жеткізілгенімен, ғаламшардағы ауаның орташа температурасы мыңдаған жылдар бойы жоғары деңгейде сақталып қала беретінін анықтады.«Адамдар, егер, көміртегі қос тотығының ауаға шығарылуы азайтылуына қол жеткізілгенімен, температура төмендейді және қалыпқа 100, 200 жылдан кейін ғана түседі деп қате болжамдаған. Бұл олай емес», ? деді Сюзан Соломон, Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған баяндаманың авторы. Ғалымдар, егер, көмір қышқылды газының атмосфераға шығарылуының өсуі жалғаса беретін болса, бұл Еуропаның оңтүстігінде, Солтүстік Америкада, Африка мен Австралияның бірқатар бөліктерінде ылғалдың түсуінің азаюына әкелетінін ескертті. Осы аймақтардың барлығы да қазірдің өзінде құрғақшылықтан зардап шегуде.
Соңғы жаңалықтар