Жаһандық дағдарыстың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешу керек — Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM — Жаһандық дағдарыстың бәрін тек дипломатия жолмен шешу керек. Бұл туралы Ақордада Руанда Президенті Поль Кагамемен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жаһандық дағдарыстың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешу керек — Тоқаев
Фото: Ақорда

— Поль Кагаме мырза — әлемдік саясатта мол тәжірибесі, беделі бар Президент. Келіссөз барысында жаһандық мәселелер жөнінде пікір алмастық. Екі елдің халықаралық түйткілдерге қатысты ұстанымдары ортақ деп айтуға болады. Біз жаһандық дағдарыстың бәрін тек дипломатия жолмен шешу керек деп есептейміз. Бейбіт келіссөздер жүргізуді қолдаймыз. Бұған қоса, халықаралық ұйымдар аясында өзара ықпалдастықты күшейтуге уағдаластық. Бастамаларымыз бойынша бір-бірімізге қолдау көрсетуге келістік, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Когеме мырзаның елімізге ресми сапарының тарихи маңызы бар екенін баса айтты.

— Біз екіжақты байланысты дамытуға, түрлі саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенімізді растадық. Бүгінгі келіссөздің нәтижесі соның айқын дәлелі. Енді осы келісімдерді сапалы жүзеге асыруымыз керек. Президент мырза, біз ертең Астана халықаралық форумына қатысамыз. Осы маңызды іс-шара аясында екіжақты аймақтық және жаһандық мәселелерге қатысты ой бөлісіп, тиімді шешімдерге қол жеткіземіз деп сенемін. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, табысқа бірге жете берейік, — деп түйіндеді сөзін Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы мәртебелі мейманмен шағын және кеңейтілген құрам келісссөздер жүргізді. 

Соңғы жаңалықтар