Жабайы қабан сеулдік мейрамхананың астан-кестеңін шығарды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеулдің солтүстік бөлігінде - Ыйчжонбу ауданында орналасқан мейрамханалардың біріне жабайы қабан баса-көктеп кірген.
None
None

Жануар мейрамхананың астан-кестеңін шығарып, келушілерді қатты шошытты. Оқиға 7 шілдеде таңертең, мейрамханада адам аз болған шақта орын алды, деп жазды rosbalt.ru.

Біреулер қашып, біреулер қабанға тамақ салынған арбашаны итеріп, орындықтарды лақтырып оны тоқтатпақ болды. Жануар бір минутқа жуық есікті таба алмады. Бірнеше рет қабырға мен терезеге соғылды. Дегенмен  шығатын жерді тауып, ізін суытты. 

 

Соңғы жаңалықтар