Жағайжай волейболынан Тайландта өтіп жатқан ІІ Азия турларының «Хан-Федербау» кезеңінде қазақстандық команда екінші орын алды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландтың Нахон Шри Тхамарат қаласында жағажай волейболынан ІІ Азия турларының «Хан - Федербау» кезеңі аяқталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл сайысқа 11 елден 40 команда қатысты. Оның 18-і әйелдер, 22-сі ерлер командалары болды. Өткен жылы ерлер арасында 32 команданың арасынан Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев 3-ші, Александр Бабичев пен Алексей Кулешов 9-шы орын алған еді. Биыл Алексей Дьяченкомен жұп құраған Алексей Сидоренко екінші орын алды. Олар алғашқы кездесуде де, ақтық кездесуде де жаңазеландиялықтарға ғана есе жіберді. Ал биыл Алексей Кулинич пен жұп құрған Дмитрий Яковлев 9-шы орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде биыл қазақстандық қыздар өткен жылғы нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Мәселен Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова 5-ші, Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенко 9-шы орын алды. Былтыр Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенконың және Оксана Пилипенко мен Любовь Богатудың жұптары 17-ші орынды бөліскен еді.

Соңғы жаңалықтар