Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Италияның Виареджо қаласында жағажай футболынан Қазақстан құрамасы «Euro Beach Soccer League Promotion Final Viareggio-2025» турнирінде алғашқы жеңісіне жетті.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады
Фото: ҚФФ

Отандастарымыз турнир барысында Мальтаны 7:4 есебімен жеңді. Ел құрамасынан Ершин, Деринг, Мыңбаев, Демешко (екі гол), Кайзер (екі гол) мергендік танытты.

Енді отандастарымыз алдағыойын 12 қыркүйекте Румынияға қарсы матч өткізеді.

Ал 13-15 қыркүйек аралығында плей-офф кезеңі өтеді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы сапында Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Барқы»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»), Михаил Кайзер («Арман»), Айдын Мәліков («Малайсары»), Игорь Демешко («Арман», капитан), Артур Деринг («B& A»), Тимур Ершин («Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Саят Әшімов («Малайсары»), Алан Мыңбаев («Арман»), Владислав Шевчук («Арман») ойын көрсетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өткен Еуролига аясында (EBSL 2025 — Euro Beach Soccer League) Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алған еді.