Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирге қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Виареджо қаласында жағажай футболынан Қазақстан құрамасы «Euro Beach Soccer League Promotion Final Viareggio-2025» турниріне қатысады.
Отандастарымыз 10 қыркүйекте Мальтамен кездессе, 12 қыркүйекте Румыниямен шеберлік байқасады.
Ал 13-15 қыркүйек аралығында плей-офф кезеңі өтеді.
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы сапында Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Барқы»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»), Михаил Кайзер («Арман»), Айдын Мәліков («Малайсары»), Игорь Демешко («Арман», капитан), Артур Деринг («B& A»), Тимур Ершин («Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Саят Әшімов («Малайсары»), Алан Мыңбаев («Арман»), Владислав Шевчук («Арман») ойын көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өткен Еуролига аясында (EBSL 2025 — Euro Beach Soccer League) Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды.
Қазақстандық футболшылар В дивизионында Румыния, Норвегия және Мальтамен сынға түсті. Ел құрамасы Мальтаны 5:4, Норвегияны 6:4, Румынияны 3:2 есебімен жеңді.