17:38, 28 Шілде 2022 | GMT +5
Жағажай футболынан Еуролига: ҚР құрамасы екінші рет жеңіске жетті
КИШИНЕВ. ҚазАқпарат – Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың топтық кезеңінің екінші ойынында Грузия командасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР футбол федерациясына сілтеме жасап.

Осы күндері Молдова астанасы Кишиневте жағажай футболынан Еуролига турнирі өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын Грузиямен өткізіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан – Грузия – 7:1
Голдар: Тюльпа, Муралинов - 2, Перевертов - 2, Әжікенов, Мұратұлы – Диаквнишвили;
28.07.2022. Еуролига, «Б» дивизионы.
Негізгі стадион. Кишинев, Молдова.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Норвегияны 7:3 есебімен ұтқан болатын. Спортшыларымыз келесі ойынын 29 шілде күні Грекиямен өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Фото: kff.kz