Жағажайда көлігімен су кешіп, «шоу» жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

СЕМЕЙ.KAZINFORM — Семейде Range Rover көлігінің жүргізушісі жағажайдағы суды кешіп өтіп, «шоу» жасаған.

 Жағажайда көлігімен суды кешіп, «шоу» жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: видеодан алынған скрин

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарады.

Көп ұзамай тәртіп бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.

– Полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзбауға, әсіресе, халық демалатын орындарда, қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақстандықтар халықаралық жүргізуші куәлігін қайдан және қалай ала алатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар