Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда

АҚСУ. KAZINFORM - Jibek Joly телеарнасындағы «Таза қала» бағдарламасы бұл жолы Павлодар облысындағы Ақсу қаласына барды. Жүргізушілер әдеттегідей қаланың көрікті мекендері мен тазалығы төмен тұстарын таспаға түсірді. Қаланың тазалығын, тұрғындардың тазалық сақтау мәдениеті мен жалпы абаттандыру мәселелерін шолып шығып, бар мәліметті сарапшыларға тапсырды.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

22 балалар үйірмесі бар

Ақсуда сенбіліктер тұрақты түрде өтіп тұрады. Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында көрікті орындарды қоқыстан арылтуға белсенді атсалысады. Арасында жастар да аз емес, себебі мұнда өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін сіңіру жолға қойылған. 2018 жылы қалада балаларға қосымша білім беруге арналған эко-техно орталық ашылды. Онда экология тақырыбында 22 үйірме бар.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Біз қалдық материалдардан қолөнер бұйымын жасауды үйретіп жатырмыз. Себебі біз қаламыздың экологиясына, еліміздің болашағына бей-жай қарай алмаймыз, – дейді қосымша білім беру педагогі Ирина Бережнова.

Ал бұл бұйымдарға қажетті шикізатты, яғни қалдықтарды балалар үйден өздері алып келеді. Демек айналаны ластамау қажет екені, қайта өңдеу ісінің пайдалы екені олардың санасына қазірден сіңіп жатыр деген сөз.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Бұл құмырсқа қалдықтан, яғни бұрын қолданылған қағаздан, тетрапактан және екі литрлік бөтелкеден жасалған. Ал мұртының орнына әдеттегі түтікшелерді қойдық, – дейді «Құмырсқа илеуі» экспозициясының авторы 7-сынып оқушысы Полина.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Ескі үйлер – жаңа кейіпте

Қала келбетін жақсарту үшін былтыр Ақсуда көпқабатты тұрғын үйлердің сырты әртүрлі түстерге сырланған. Соның арқасында 39 үй жаңа кейіпке енді. Бәрі қаланың архитектуралық жоспарына сай бір стильде боялған.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Одан бөлек мұнда тарихты, мәдениетті, заманауи құндылықтарды дәріптейтін муралдар да бар.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Қалада қалдық материалдарды кәдеге жарату тек балалар арасында дәріптелмейді. Мұндайға әуес жандар қала тұрғындарының арасында да бар. Соның бірі – Федор Супрунов.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Мен бұл іспен бірнеше жылдан бері айналысамын. Алғашқыда бір тал егіп едім, кейін қайың, қарағай отырғыздым. Кейін қоршап қойдым, содан кейін аттар, арбалар және басқа да нәрселерді жасадым, – дейді шебер.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Қоршаған ортаға қамқор тағы бір қала тұрғынының аты – Нина Маслова.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Ол мектепте тазалықшы болып істейді, өз міндетіне кірмесе де ауладағы бақшаны күтіп-бағады.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Күн сайын таңғы 7-ден кешкі 5-ке дейін үзіліссіз жұмыс істейміз. Онсыз бақша өспей қалады. Осы алақандай жерге күшіміз әрең жетеді. Бақша өсірудің қандай машақат екенін білсеңіз ғой. Үнемі суарып, арам шөбін жұлып, баптап отыру керек. Онсыз ештеңе өспейді, – дейді ол.

Жалпы Ақсу қаласының экологиялық ахуалы қандай екенін сол жерде өмір сүріп жатқан халықтан жақсы білетін ешкім жоқ. Сондықтан “Таза Қазақстан” бағдарламасының жүргізушілері ашық микрофон айдарында тұрғындардың пікірін жинады:

— Ақсу таза әрі жайлы қала!

— Мысалы осы тұрған жерімізде бірде-бір қоқыс жоқ.

— Ақсудың негізі лас жерлері де бар!

— Үйлердің аулалары таза, себебі тазалық қызметкерлері жұмыс істейді. Ал кей жерлер, үйлердің артқы жақтарында бөтелкелер жататын кездер болады. Ол енді адамдарға байланысты.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин
Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Қала тұрғындарының пікірі де әралуан. Бұдан қаланың адамдар көп жүретін саябақтары мен көшелері, аулалар мен қоғамдық орындардың таза ұсталатынын аңғаруға болады. Ал қалтарыс тұстарда қоқыс жатуы адамдар мекен ететін жердің бәріне тән құбылыс деп қабылдадық.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Қоршаусыз қоқыс полигоны

Қаланың әсем жерлерінен қала сыртындағы қоқыс полигонына қара ойысайық. Оның қайда екенін жел ұшырған целлофандар мен пакеттер көрсетіп беретіндей.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Полиэтилен пакеттердің далаға не себепті жайылып кеткені полигонға жеткенде белгілі болды. Оның қоршауы бұзылып қалған екен.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Қоршауды қалпына келтіріп жатыр. Дауыл соққанда қашаны қиратып кетті, – дейді полигон жұмысшылары.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Тазалықтан басқа, мұнда үй жануарларына да үлкен қауіп барын байқадық. Қоқыс арасынан тамақ тауып жеймін деп, жұмыршағына целлофан байланып, малдардың арам өлген жағдайлары кездесіп жатады. Бұл полигонда да жайылатын сиырлар сондай жағдайға тап болмасына ешкім кепіл бола алмайды.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Үйлердің сырт жағы аяқ алып жүргісіз

Тазалық қызметі күтіп-қарайтын аумақ аяқталысымен қоқыс өрген лас аумақ басталады. Әсіресе тұрғын-үйлердің сырт жағында жабайы тал жайылып, оның қуыс-қуысы ішімдікке әуес адамдардан қалған бос бөтелкеге толып кеткен.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин
Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Ал кейбір көпқабатты үйлердің қабырғалары вандалдардың шығармашылық алаңына айналған.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Қабырға бояғыштар әп-әдемі аялдамаларды да аямаған.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин
Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Қалаға кіреберісте тағы бір келеңсіз жайды байқауға болады. Онда ешқандай қоқыс полигоны жоқ, бірақ аумақта толған қоқыс.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Әсіресе құрылыс қоқыстары, жөндеу жұмыстарынан кейінгі қалдықтарды осында әкеп төгетінін аңғардық.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Ал қала әкімдігі күтіміне алған аумақтан тыс жердегі жасыл-желек қурап, айналасы жұтап тұр.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Ал қаланың кейбір жерлерінде жағымсыз иіс бар. Оның жайын қала әкімі түсірілім тобына түсіндіріп берді.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Кәріз жүйесіне де байланысты. Ал алғаш мұнда 1972 жылы салынған. Қазір диаметрі 800 мм, ұзындығы 3 шақырым өзі ағатын коллектор жүйесі салынып жатыр. Қамзин және Дөнентаев көшелерінде санация жүргізіліп жатыр. Онда бұрыннан тұрған трубалар тазаланып жатыр, – деді қала басшысы Болатбек Шәріпов.

Ал Мәншүк Мәметова көшесіндегі 19-шы үйдің маңындағы жайды әкім де білетін болып шықты. Алдағы бір айдың ішінде ондай қоқыстардың бәрі тазаланатынын айтты.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

Әділ қазылар бағасы

«Таза қала» бағдарламасының дәстүрі бойынша, әр түсірілім тобы ұсынған материалдар негізінде әділ қазылар сол қаладағы экологиялық ахуал мен тұрғындар мәдениетіне баға береді.

— Қала жақсы дамып жатыр. Аулалар абаттандырылып, қоғамдық кеңістіктер жасалып жатыр. Түрлі-түсті бояумен ескі үйлер боялған. Бірақ қасбеттерді мүлде жаңа материалдармен жаңартуға болады деп ойлаймын, – дейді қала құрылысын жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлдана Әбіш.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Мен әжептәуір жоғары баға бердім. Оны тек қала тұрғындарының мәдениеті үшін қойдым. Көптеген көпқабатты үйлердің тұрғындары өз үйлерінің ауласын безендіріпті, гүл отырғызып, шағын ойыншық қала жасапты. Қала тазалығына төмен баға бердім, сырттағы қоқыс полигонының жағдайы адам шошырлық, – дейді сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Серік Рүстембеков.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

— Қала сыртындағы полигонның қоршауы бұзылып, қоқыс жайылп кеткен. Қала ішінде де жергілікті әкімдік қоқыс контейнерлерін орнатпағанын көріп отырмыз. Жағымсыз иіс мәселесі де коммуналдық қызмет жұмысының нашарлығын көрсетеді. Олардың жұмысын әлі де жақсарту керек, – деді Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова.

Жағымсыз иіс, қоршаусыз қоқыс полигоны, қамқор тұрғындар - «Таза қала» Ақсуда
Фото: Видеодан алынған скрин

 

Соңғы жаңалықтар