Жаһандық жылынудың салдарынан бақалар шөп жей бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Климаттың өзгеруі жыртқыштар қатарына жататын бақаларды өсімдік диетасына ауысуға мәжбүрлеуде, деп хабарлайды биологтар.
None
None

Зерттеушілер жалпақ бастылардың үш түрлі тобымен тәжірибе жүргізіп көрді.

Ecology журналының айтуынша, бірінші топқа тек қана вегетариандық рацион ұсынылды, екінші топқа - жәндіктер, ал үшінші топқа таңдау құқығы берілді.

Нәтижесінде, температура көтерілгенде бақалар өсімдік тағамдарын таңдаған. Өсімдік тағамдары олардың тірі қалу мүмкіндігін арттырған.

Жұмыс авторларының айтуынша, бұл суда өмір сүретін барлық тіршілік иесіне тән қылық, деп жазды rosbalt.ru.

Соңғы жаңалықтар