Жақиянов - Барнетт айқасын АҚШ-та қанша адам көргені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында жеңіл салмақта дәрежесінде титулдық жекпе-жек өтіп, жергілікті боксшы Райан Барнетт (18-0, 9 КО)  төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) жеңген болатын, деп хабарлайды Sports.kz.

Жақиянов - Барнетт айқасын АҚШ-та қанша адам көргені анықталды

Барнетт өзіндегі IBF белдігіне WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қосып алды.

АҚШ-та жекпе-жекті НВО телеарнасы трансляциялады. Boxingscene.com мәліметінше, көрермендердің орташа аудиториясы - 576 000, ең жоғары көрсеткіші 618 000 адам болды.