«Жақсы жүргізушісіз»: полицейлер жол апатының алдын алу бойынша жаңа тәсілге көшті

Полиция
Фото: polisia.kz

«Сіз жақсы жүргізушісіз», «Сіздің күлкіңіз әдемі»: полицейлердің жол апаттарын алдын алу бойынша жаңа тәсілі тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Түркістан облысы Ордабасы ауданында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша ерекше акция өткізді. 

Polisia.kz-тің хабарлауынша, тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынған. Полиция қызметкерлерінің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таңғалдырды.

– Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушысы үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет, - деді полицияда. 

 

Соңғы жаңалықтар