12:02, 24 Мамыр 2022 | GMT +6
Жақсы дәстүр ғой - Министрлік соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл пандемиядан кейін алғаш рет 25 мамырда соңғы қоңырау салтанатын өткізуге рұқсат берілді. Дегенмен ресторанда мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі түлектердің ұстаздарына сыйлық жасауына болмайтынын атап өтті.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, ойын-сауық мекемелерінде бітіру кешін ұйымдастыруға рұқсат жоқ.
Десе де, соңғы қоңырауда педагогтарға гүл сыйлауға болады.
«Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма, бұл заңбұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», - дейді мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді.
Ал аттестатты салтанатты тапсыру рәсімі 16-17 маусымға белгіленген.