Жақсыбек Құлекеев Президентке ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныс берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
None
None

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін күшейту мәселелері қарастырылды.

Белгілі ғалым және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өз көзқарасын айтты.

Сонымен қатар Жаңа Қазақстан құру аясында мемлекеттік қызметшілер мен экономика саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау проблемалары талқыланды.


Соңғы жаңалықтар