#ЖақсылықЖаса: Қостанайда ХҚКО қызметкерлері келушілерді үйлеріне тегін жеткізіп тастайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Жақсылық жаса» акциясына еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар атсалысып жатыр. Қостанайлық Халққа қызмет көрсету орталығы да бұл шараға белсенді үлес қоспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасары Азамат Имамбеков айтқандай, өңірде аяздың беті қайтқанша тұрғындар үйлеріне орталықтың көліктерімен тегін жете алады.

«Біз келушілерімізге құрметпен қараймыз. Олардың денсаулықтары біз үшін маңызды. Өздеріңіз білесіздер, осы аптаның аяғына дейін Қостанайда үскірік аяз сынбайды. Сондықтан арнайы кезекшілік бекітіп, азаматтарды үйлеріне тегін жеткізуді қарастырып отырмыз. Қазіргі уақытта тұрғындар қаладағы №1 ХҚКО-на көбірек келуде. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт кісілер көп. Ал мынадай құбылмалы ауа райы кезінде олардың жағдайларына бей-жай қарай алмаймыз»,- дейді Азамат Имамбеков.
null

Қазір ХҚКО адамдарды үйлеріне дейін жеткізу үшін 4 автокөлікті кезекке қойған. Тұрғындар 7-9 ақпан аралығында сағат 09:00-20:00 аралығында аталған көмекті пайдалана алады.

Айта кетейік, «Жақсылық жаса» акциясы аясында рудныйлық такси жүргізушілері аязды күндері тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп жатыр.

null

Соңғы жаңалықтар