#ЖақсылықЖаса: Қызылорда жастары жұмысшыларға ыстық тамақ таратты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жастар көше тазалығымен айналысатын және базар маңында еңбек етіп жүрген азаматтарға ыстық тамақ пен шай таратты. Осылайша сауапты істің ұйытқысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#ЖақсылықЖаса: Қызылорда жастары жұмысшыларға ыстық тамақ таратты

Аталмыш шараны өткізуге қолдау білдірген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жастармен бірге қайырымдылық шарасына қатысты.

«Сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала тазалығына белсенді араласып келесіздер. Осылайша қала келбетін сақтауда игілікті іс жасалады», - деді Болатбек Ұласқанұлы көше сыпырушыларға.null

Сауапты іске облыстық Жастар ресурстық орталығы мен қала кәсіпкерлері де қолдау білдірді. Жастарды жақсылық жасауға баулу мақсатында қолға алынған шара үшін жұмысшылар алғыс айтты.