Жақын аралықта теңге бағамының күрт өзгеруі күтілмейді - Қ. Келімбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Қайрат Келімбетов жақын аралықта теңге бағамының күрт өзгеруі күтілмейтінін, айырбас бағамы 1 АҚШ долларына 170-188 теңге дәлізінде сақталатынын жеткізді.
None
None

«Біз ұстанған айырбас бағамының саясаты ішкі валюталық дәліздегі белгілі бір өзгерістерді қамтып отыр. Сондықтан да, біз үшін бүгінгі күнгі беріктік қорының өзі осы ішкі валюталық дәлізде қалуға мүмкіндік береді», - деп санайды ҰБ басшысы.

Бұдан бөлек, Бас банкир бүгінгі таңда айырбас бағамының саясаты қандай болуы керектігіне қатысты түрлі болжамдар, жорамалдар айтылып жатқанына да тоқталды. Оның пайымынша, бұндай болжамның басым бөлігі негізінен үлкен девальвациялық өзгерістерді күтуден орын алып отыр, ал ондай өзгерістер екі факторға негізделеді - бұлар мұнайға әлемдік бағаның төмендігі және ресей рублінің құнсыздануына қатысты.

«Тағы да қайталап айтқым келеді, менің ойымша, біз үшін мұнай бағасы маңызды фактор болып табылады. Дегенмен, біз айырбас бағамының күрт өзгерісіне жол бермейміз», - деді Қ. Келімбетов.

Бұл ретте бас банкир былтырғы жылдың жазында валюталық айырбас бағамы 1 долларға 170-188 теңге аралығында белгіленгенін атап өтті. «Осындай кеңейтілген бағам дәлізі бізге келешекке нық сеніммен қарауға септігін тигізіп отыр», - деді ҰБ төрағасы.

Соңғы жаңалықтар