11:12, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Жақын болашақта бизнестің инновациялық белсенділігі едәуір артады - Елбасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері бойынша-ақ бірқатар шешуші көрсеткіштерге қол жеткізілмек. Бұл туралы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өндірістердің сыни массасын өсіруге қол жеткізу маңызды. Қазір Дүниежүзілік банкпен «Технологияларды коммерцияландыру» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру шеңберінде 65 ғылыми жоба орындалуда», - деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысының атап өткеніндей, зәкірлік ТҰК-терді тарту технологиялық даму орталықтарын құруға мүмкіндік береді.
«Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері бойынша-ақ бірқатар шешуші көрсеткіштерге қол жеткізілмек. Бизнестің инновациялық белсенділігі ІЖӨ-нің 20 пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артады», - деді Президент.