Жақып Асанов: ЭКСПО-ның Астанада өтуі - Президенттің жеке абыройы мен биік беделінің нәтижесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада өткен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурор Жақып Асанов бір жарым ғасырлық тарихы бар ЭКСПО-ның Астанада өтуі еліміз үшін үлкен жетістік екенін атап көрсетті.
None
None

«ЭКСПО-ны өткіземіз деп мықты елдер таласты. Бірақ, Елбасымыздың жеке абыройы мен биік беделінің арқасында Халықаралық Көрме Бюросының Ассамблеясы Астананы таңдады. Сөйтіп, 18 жыл бұрын ғана салына бастаған елордамыз мың жылдық тарихы бар, осы ЭКСПО-ны өткізген Париж, Лондон, Нью-Йорк, Шанхай, Милан қалаларымен қатарласты»,- деді Ж.Асанов.

«Сондай-ақ, Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының 15 елінен мұндай мәртебеге бірінші болып қол жеткізіп отыр. Бұл - әрі жетістік, әрі абыройымызды көтеретін мегажоба», - деді Бас Прокурор.

null null null null  

 ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 МИА «Казинформ»

Соңғы жаңалықтар