10:59, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Жалағашта жаңа балалар бақшасы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жалағаш ауданының орталығында 90 орындық «Ақмаржан» балабақшасы пайдалануға берілді.

Ол Елбасының тапсырмасымен аясында Үкімет арнайы өабылдаған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында орын алды.
Соңғы үлгіде салынған балабақша ғимараты бүгінгі талаптарға толықтай жауап береді. Кішкентай өнерпаздардың күшімен қойылған мерекелік концертті тамашалаған облыс басшысы өз толқынысын жасырмай шынайы ризашылығын білдірді.