18:57, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Жалағашта жаңа наубайхана жұмысын бастайды
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Жалағаш кентіндегі жеке кәсіпкер Райкүл Оманова қолға алған шағын наубайхана таяу күндері өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынбақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Халық банкі" арқылы 10 миллион теңгеге қаржыландырылған бұл наубайханаға 3,5 миллион теңгеге Ресейден арнайы тапсырыспен құрал-жабдықтар әкеліп қондырылды. Наубайхана іске қосылғанда тәулігіне 1600 дана бөлке нан шығарылады. Кәсіпкердің келешектегі мақсаты наубайхана жанынан макарон цехын ашу болып отыр.