Жалағаштық полиция қызметкері салмағы 130 кг тас пен салмағы 160 кг тайды көтерді

Бұл туралы Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінен хабарлады.
Мектеп оқушылары және колледж студеттері арасында жарапазаншылар байқауынан басталған мереке «Армысың, Әз Наурыз!» атты театрландырылған қойылым мен мерекелік концерттік бағдарламаларға ұласты. Аудан әкімі С.Сермағамбетов тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, киіз үйлер байқауында жеңімпаз болған топтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Мерекенің ең қызықты шарасы газель тарту, тай және тас көтеру сайыстары болды. Салмағы 130 кг болатын тас пен салмағы 160 кг болатын тайды аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Сенбеков Нұрлан еш қиналмастан көтеріп, 21 метрге дейін жүріп барды.
Ал, ауыр ішінде жолаушылары бар газель автокөлігін Ақсу ауылының азаматы Бакиров Дархан 40 метрге дейін сүйреп, әділқазылардың өтініші бойынша өзі тоқтады, делінген хабарламада.