Жалақыны бірнеше рет кешіктірсе, жұмыс берушіні қылмыстық жазаға тартуға бола ма

АСТАНА. KAZINFORM – Кейбір жағдайда жұмыс берушілер қызметкерлерінің еңбекақысын уақытылы төлемей немесе айлап кешіктіріп жатады. Осындай жағдайда жұмысшы берушіні міндетін орындамағаны үшін қылмыстық жазаға тарту мүмкіндігі бар ма?

работа, безработный, деньги
Фото: freepik.com

Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин жауап берді.

- Жалақы бойынша егер еңбек шарты жасалған болса, әрине толық бақылауда. Жалақы берешегі проблемасы көбіне еңбек шарты жасалмаған жағдайда туындап жатады, яғни жұмыс істейді, ақшасын төлемейді. Дейтұрғанмен жұмыс берушілерді қылмыстық жазаға тарту бойынша Қылмыстық кодексте баптар бар. Жұмыс беруші бірнеше рет жалақы төлемей жалтарып жүрген жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекциясы осыны тергеген жағдайда, тиісті материалдарды жергілікті ішкі істер органдарына беру мүмкіндігі бар, - деп жауап берді Ерболат Абулхатин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа.

Оның айтуынша, одан әрі жергілікті ішкі істер органдары жұмыс берушіні қылмыстық жазаға тарту бойынша істі қарауға алады.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 95 кәсіпорында еңбек дауы қаралып жатыр. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігін сақтамаған жұмыс берушілерге 428 млн теңгеден астам айыппұл салынған. 

Соңғы жаңалықтар