22:46, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Жалал-Абадтағы жер сілкінісінен екі тұрғын үй мен мектепке зақым келген
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 21.00-дегі жағдай бойынша Базар-Қоргон ауданындағы Арстанбап-Ата ауылында екі тұрғын үй зақымданып, Созақ ауданы, Қыз-Қола округіндегі А.Жапарбаев атындағы мектептің спорт залындағы қабырғаларда жарықтар пайда болған.
Қазіргі уақытта Қырғызстандағы Азаматтық қорғаныс қызметі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстандағы жер сілкінісі Қазақстанның үш аумағында сезілгенін хабарлаған едік.