Жалға берілетін үйлерге тапсырылатын құжаттарды е-жүйесі арқылы жинау көзделіп отыр

деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттігінің тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры Василий Маслов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Мемлекеттік қызметтер көрсетудің аясында біз жалға берілетін тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың мемлекеттік стандартын жасап отырмыз және оның аясында құжаттар тізбесімен қоса құжаттар айналымының ықпалдасқан электрондық жүйесін біртіндеп енгізу қарастырылуда»,- деді Василий Маслов.
Департамент директорының айтуынша, жалға берілетін баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған құжаттардың көлемді тізбесін қамтитын бұл стандартты іске асыру мемлекеттік ведомстволардың арасында құжаттар айналымының электрондық жүйесін біртіндеп енгізуге мүмкіндік береді.
«Осы стандарт жүзеге асырылғаннан кейін, әр азамат өз аяғымен келіп, тек арыз жазса болды. Әрі қарай құжаттар компьютерлік жүйе арқылы жиналатын болады»,- деп хабарлады В.Маслов.
Айта кету керек, мемлекеттік стандартты енгізу мемлекеттік жалға берілетін баспанаға мұқтаж және үміткер азаматтарды есепке қою рәсімін едәуір жеңілдетеді және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтереді.