18:55, 15 Тамыз 2019 | GMT +6
Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметіне тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Ақорда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалыбек Ибрагимұлы Қобландиннің Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылғандығын жария етті.