Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық атаққа таласады
АСТАНА. KAZINFORM — 28 желтоқсанда қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (18-9) Oktagon лигасында титулды айқастарының бірін өткізеді. Оны «еуропалық UFC» деп те атайды.
Прага қаласында өтетін Oktagon 81 турнирінде отандасымыз чехиялық файтер Давид Дворжакпен шеберлік байқасады. Бұл жекпе-жекте спортшылар жеңіл салмақтағы лига чемпионы атағын сарапқа салады.
Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен сағат 02:00–де басталады және оны промоушнның ресми сайтынан көруге болады.
Еске салсақ, Жалғас Жұмағұлов маусым айында Oktagon лигасының чемпионы болды. Отандасымыз төрешілердің шешімімен грузиялық Бено Адамианы (12-9-2) тізе бүктірді.
Қазіргі кезде Жалғас Жұмағұлов төрт сериялы жеңісімен үздіктердің қатарына енген. Алдағы қарсыласына келетін болсақ, Дэвид Дворжак қыркүйектегі жекпе-жегінде Ирактан келген спортшы Мохаммед Валидті (8-5) бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетсек, Жалғас Жұмағұлов былтыр маусым айында АҚШ-тың Веллингтон қаласында өткен NAGA (Солтүстік Америка грэпплинг ассоциациясы) грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды.