Жамбыл мен Түркістан облысында жол қозғалысы ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Алматы — Ташкен — Термез бағыты бойынша жол қозғалысы ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлама таратты.

трасса
Фото: freepik.com

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа- райының қолайсыздығына байланысты уақытша шектеу қойылған жол қозғалысы қайта жанданды. «ҚазАвтоЖол» ҰК- сы 2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 03:00–де екі облыс аумағындағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылатынын мәлімдеді.

— Алматы — Ташкент — Термез автожолының 534-593 шақырым аралығында учаске (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін), Алматы — Ташкент — Термезе автожолының 593-674 шақырым аралығында учаске (Жамбыл облысының шекарасынан Шымкент қаласына дейін), — делінген хабарламада.

Еске салайық осыған дейін Қазығұрт асуында жүк көлігі жолды жауып қалғанын жазған болатынбыз. Алтынемел асуының жолы жабылған еді.

Тәуелсіздік күнінде еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар