Жамбыл облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Лесбек Құралбайұлы Илебаев Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

лесбек илебаев
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Лесбек Құралбайұлы Илебаев 1982 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша PhD докторы.

2004-2010 жылдары Сенат депутатының көмекшісі қызметін атқарған.

2010-2013 жылдары Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқыған.

2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан Облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратында, 2017-2018 жылдары «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 2018-2019 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып еңбек етті.

2023 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар