Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа бастық келді

АСТАНА. KAZINFORM — Қайсар Сұлтанбаев енді Жамбыл облысы Полиция департаментін басқарады, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды
Фото: Жамбыл облысы ПД

— ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды, — делінген хабарламада.

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Фото: Жамбыл облысы ПД

Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған.

Бұдан бұрын Алтай Сембекұлы Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар