Жамбыл облысында 60 мектепте спортзал, 31 мектепте асхана, 39 мектепте кітапхана жоқ
ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысындағы 60 мектептің спортзалы жоқ. Оның ішінде 8-і жалпы орта, 14-і негізгі орта және 38-і бастауыш мектеп.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында журналистермен өткен брифингіде Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мұхит Нысанбаев баяндады. Спорт залы жоқ аудандардың көш басында Т. Рысқұлов ауданы тұр. Ондағы 10 мектепте спорт зал қарастырылмаған.
«Сондай-ақ бастауыш және негізгі орта білім беретін 31 мектептің асханасы жоқ. Атап айтар болсақ, Байзақта – 6, Жамбыл ауданында – 9, Меркіде – 4, Мойынқұмда – 1, Сарысуда – 1, Таласта – 2, Т.Рысқұловта – 5, Шу ауданында – 2 және Таразда – 1 білім ошағында асхана жоқ. Сонымен қатар 39 мектепте кітапхана жоқ. Кітапханасыз мектептің қатары Жамбыл ауданында көп. Онда 9 мектепте кітапхана қарастырылмаған. Байзақ, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу аудандарында да бірнеше кітапханасыз мектеп бар. Тараз қаласының өзінде бір мектепте кітапхана жоқ, – деді Мұхит Нысанбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында жаңа оқу жылында 115 мыңға жуық мектеп оқушысы ыстық тамақпен қамтылады