Жамбыл облысында 7 жетім бала баспаналы болды
ТАРАЗ.KAZINFORM – Шу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге қатысты құқығы бұзылғаны анықталды.

Жамбыл облысы прокуратурасы мәліметінше, уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу кезінде оның жалпы санының кемінде 20%-ын жетім балаларға беру талаптарын сақтамаған.
Қадағалау актісін уақытылы енгізу және оның орындалуын қамтамасыз ету нәтижесінде 10 жылдан астам үй кезегін күткен 7 жетім баланың тұрғын үй алу бойынша құқығы қалпына келтірілді.
Олардың әрқайсысы Шу қаласынан жалпы алаңы 64,6 шаршы метр болатын жаңа пәтерлерге ие болды.
Жаңа қоныс иелері тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, өз ошағын құруға мүмкіндік алғандары үшін прокуратура органдарына алғыс білдірді.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жолдағы ақаулар үшін мердігер 1,9 млн теңге айыппұл төлейді.