Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды

ТАРАЗ. КАZINFORM - Лауазымды тұлғаның жер беру кезінде қызметтік жалғандық жасау фактісін Байзақ ауданының прокуратурасы талдау барысында анықтады.

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Фото: gov.kz

Жамбыл облысының прокуратурасының мәліметінше, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, 4 жеке тұлғаға 465 гектар жалға берілетін жерді заңсыз алуға мүмкіндік бергені анықталды.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді.

29.04.2024 жылы аудандық соттың үкімімен жергілікті атқарушы органның бас маманы мемлекеттік қызметте белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазіргі уақытта енгізілген қадағалау актісі бойынша заңсыз берілген жер телімдері толығымен мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар