Жамбыл облысында фельдшер оқ жарақатын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында медицина қызметкерін кеудесінен жарақаттады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

больница
Фото: pexels.com

- Қазір жан-жақты және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шарасы жүріп жатыр. Оның нәтижелері бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады, - деген хабар алдық полициядан.

Сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайтыны ескертілді.

Осы орайда Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан науқастың жағдайын сұраған едік.

- Науқасқа шұғыл ота жасалды, операция барысында 1 сантиметр тереңдікке енген оқ алынды. Қазір жарақат алған пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқас динамикалық палатада бақылауға алынды. Жағдайы тұрақты, нашарлау белгісі жоқ,- делінген ресми хабарламада.

Осыған дейін Жамбыл облысында 930 бала арнайы медициналық тексерістен өтпегені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар