Жамбыл облысында «Қазақтелеком» басшыларына қатысты тергеу аяқталды — Антикор
ТАРАЗ. KAZINFORM – «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті.

— Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, — делінген агенттік хабарламасында.
Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдікке ілінген.
Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы «Елорда Құрылыс Компаниясы» бөлімінің басшысы 10 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.