02:00, 25 Ақпан 2026 | GMT +5
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 25 ақпан сағат 01:40-та ауа райының бұзылуына республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-214 шақырымы аралығында (Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін) жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 25 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазғанбыз.