Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерге қатысты рейд басталды

ТАРАЗ. KAZINFORM — Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында профилактикалық рейд басталды.

Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерге қатысты рейд басталды
Фото: Жамбыл облысының ТЖД

Тараз қаласының базарлары мен сауда орындарында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері мен полиция қызметкерлері бірлесіп рейд жүргізді.

Шара барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактісі анықталды. Анықталған құқықбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

— Мереке күндері қарсаңында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар пиротехникалық өнімдерді тек мамандандырылған әрі лицензияланған сауда орындарынан сатып алуға кеңес береді, — делінген ақпаратта.

Осыған дейін отшашуды қалай заңды, әрі қауіпсіз қолдануға болатыны туралы жаздық

Соңғы жаңалықтар