Жамбыл облысында полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

ТАРАЗ. KAZINFORM –  Прокуратура Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігі бойынша ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жамбыл облысында полиция бөлімінің басшысының орынбасары ұсталды
Фото: Polisia.kz

- Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру), - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдемесінде.

Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Еске салсақ елорда прокуратурасы өндірісті жолға қоймақ болған инвесторларға кедергі келтіру жағдайларын анықтаған еді

 

Соңғы жаңалықтар