Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — 23 сәуірінде Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты.

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты
Фото: Sadenov_online/instagram

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Нұржан Дүнбаев қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапты.

Полиция қызметкерінің туыстары мен жақындарына ол жұмыс істеген полиция департаменті мен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көңіл айтты.

— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дүнбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді. Экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін, — деп жазды воемство басшысы.

Айта кетелік астаналық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар