Жамбыл облысында шаруаларды сумен қамтуға бөлінген қаражат жымқырылған

ТАРАЗ. KAZINFORM - Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы 38,1 млн теңге көлеміндегі шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықтады.

взятка
Фото: Freepik

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталды.

Отлыстық прокуратура 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында Жаңаөткел ауылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар