20:14, 24 Шілде 2024 | GMT +5
Жамбыл облысында шомылу маусымы басталғалы 4 адам суға кетті
ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысы аумағында шомылуға арналған 13 орын белгіленген.

Жыл басынан бері өңірдегі шомылу айдындарында 4 адам суға кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шомылу маусымы басталғалы жүргізілген рейдтердің нәтижесінде демалу орындарында 1030 бұзушылық анықталды. Оның ішінде ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 480 адам жауапкершілікке тартылса, 500 азаматтың қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны анықталды. Ал су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін бас-аяғы 50 адам жазаланды, – делінген сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.