Жамбыл облысында тактикалық көпсайыстан республикалық турнир басталды

АСТАНА. KAZINFORM —  Жамбыл облысында Ішкі істер министрінің көшпелі кубогына ішкі істер органдарының арнайы мақсаттағы бөліністері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері арасында тактикалық көпсайыстан турнир өтіп жатыр. 

Жамбыл облысында тактикалық көпсайыстан республикалық турнир басталды
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің мәліметінше жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 19 команда қатысып жатыр.

Сайыс облыстық полиция департаментінің Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонында өтіп жатыр.

Төрт күн бойы қатысушылар нақты төтенше оқиғаларға барынша жақындатылған бірқатар сынақты еңсеруі тиіс.

Тактикалық көпсайыс қатысушылардан жоғары физикалық төзімділікті, дәл және үйлесімді әрекеттерді, тез барлау және шешім қабылдау қабілетін талап етеді.

Сайыста турнирдің ашылуымен және Құрбан айт мерекесімен Жамбыл облысының ПД бастығы Бақытжан Малыбаев құттықтады.

Ол бұл жарыстың кәсіби дағдыларды сынаумен қатар, бөліністер арасында тәжірибе алмасуда маңыздылығын атап өтті.

Айта кетелік ТЖМ-ға табиғи өртке қарсы республикалық оқу-жаттығу өткізу тапсырылған еді.

Соңғы жаңалықтар