Жамбыл облысында төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз тоқтап тұр

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес пойыздың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Кazinform.

пойыз
Фото: видеодан алынған скрин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 15 желтоқсандағы Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарындағы төтенше жағдай 5 жолаушылар пойызының тоқтауына себеп болғанын мәлімдеді. Атап айтар болсақ: 

– 15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелетін №10 Нұр-Сұлтан 1-Алматы 2 пойызының уақыты 1 күнге кейін шегіндірілді;

– 15 желтоқсан күні Алматы-2 станциясынан жөнелетін №9 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1 пойызы 1 күннен кейін жүреді;

– 16 желтоқсанда Атырау станциясынан және 18 желтоқсанда кері бағытта Алматы станциясынан жөнелетін №29/30 Атырау-Алматы 1 пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді; 

– 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан және кері бағытта 16 желтоқсан Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жүретін №3 Алматы 2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді; 

– 15 желтоқсан Алматы 2 және кері бағытта Жезқазған қаласынан 16 желтоқсан жүретін №505/506 Алматы 2-Жезқазған пойызының уақыты 1 күнге кейін шегіндірілді. 

Бұл пойыздар қозғалыс кестесінен ұзақ уақыт артта қалады. Жоғарыда көрсетілген бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға ТЖ билеттері үшін ақшалай қаражат қайтарылады. 

Учаске бойынша пойыздар қозғалысының белгіленген кестесін қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. 

Ұлттық тасымалдаушы туындаған жағдайға түсіністікпен қарауды және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» (тегін) нөміріне және «KTZH_PP_BOT» бот телеграм парақшасына жүгіне алады. 
 

Соңғы жаңалықтар