Жамбыл облысында жасөспірім өзіне қол жұмсады: іс сотқа жіберілді

ТАРАЗ. KAZINFORM - Сотталушы қатарында ересек жігіт пен екі кәмелетке толмаған жасөспірім болып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысында жасөспірім өзіне қол жұмсады: іс сотқа жіберілді
Фото: pixabay.com

29 сәуірде Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында 15 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайда қайтыс болды. Осыған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу төрт айдан астам уақытқа созылып, 5 қыркүйекте үш күдіктіге қатысты материалдар сотқа жіберілді.

– Жасөспірім қайтыс болған күні процессуалдық прокурор тағайындалды. 23 жастағы ауыл тұрғыны өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, Жамбыл аудандық соты оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар 10-шы және 11-сыныптың екі оқушысы қылмысқа көмектескені үшін айыпты деп танылды, - делінген хабарламада.

Қайтыс болған жасөспірімге жоғары сыныптағылар қысым жасағаны белгілі болды. Тіпті сотталушылардың бірі мектеп оқушыларын өзіне үй салып беруге мәжбүрлеген.

Мұғалімдер де, ауылдың ересек адамдары да, полицейлер де болып жатқан жағдайға назар аудармаған. Бұл бір жасөспірімнің өмірін қиды. Енді үш күдікті темір тордың ар жағында бес жылға дейін отыруы мүмкін.

Таразда 14 жастағы мектеп оқушысы өзіне қол жұмсағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар