Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап жатқан екі адам ұсталды

ТАРАЗ. KAZINFORM -  Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды.

Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап жатқан екі адам ұсталды
Фото: polisia.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлап жатқан кезінде ұсталды. ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Павлодар облысында зираттар цифрланып жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар