Жамбыл облысындағы ауылда қолданылмай тұрған медицина құралдары қайда кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Аспара ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияды пайдаланылмай тұрған медициналық құралдар өзге басқа нысандарға беріледі.

врачебная амбулатория
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының осы мәселеге байланысты берген жауабында айтылған.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Меркі ауданы Аспара ауылының тұрғыны Мұрат Батырбай ауылға жаңадан салынған амбулаторияға 400 млн теңге бөлініп, ғимараттағы медициналық құралдарды белгісіз жаққа алып кеткені туралы шағым түсірген.

Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған мәселе бойынша пікір білдірді.

- 2024 жылдың 30 желтоқсанында Аспара ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алайда 2025 жылдың маусым айының алғашқы он күндігінде аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы А.К. Мұхаева бастаған түгендеу кезінде кейбір жабдықтардың пайдаланылмай тұрғаны анықталды. Бұл құралдар басқа бөлімдерге қажет, - делінген жауапта.

Ауыстырылған құрал-жабдықтар тізімі:

• Шприцті сорғы (шприцевой насос): 6 дананың 5-еуі – АКОА жансақтау бөліміне;

• Инфузиялық помпа: 6 дананың 5-еуі – АКОА жансақтау бөліміне;

• Тоңазытқыш: 8 дананың 5-еуі – 2 дана перзентханаға, 1 дана жүйке-жүйе бөліміне, 1 дана Андас батыр ауылына, 1 дана Қазақстан ауылына;

• Дефибриллятор: 3 дананың 2-еуі – Сұрат және Тәтті ауылдық амбулаторияларына;

• Компьютер мен принтер: 1 компьютер және 2 принтер – аудандық емхананың дәрілік кабинетіне, ал Аспара амбулаториясында 4 компьютер мен 2 принтер қалдырылды;

• Дәрі-дәрмек сақтайтын шкаф: 10 дананың 3-еуі – аудандық емхананың дәрі-дәрмек қоймасына;

• Магнитотерапия және кинезотерапия жабдықтары: оңалту бөліміне берілді.

- Бұл өзгерістер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына сай, ұйымдарды медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарына сәйкестендіру үшін жасалды. Артық берілген жабдықтар бұрыннан қолданылмаған, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар